2009/06/30

Түңіліс пен талпыныс

Қоғам «мүгедек» атап кеткен Мен және мен секілділердің жүрегінде жарық дүниеге деген ынтызарлықтың дәні бүршік жарып жатыр. Оны ауыр қайғы да, көздің ащы жасы да солдыра алмақ емес. Өйткені біздің жан-тәніміз көтерген қасірет жүгі зілмауыр, ал жапа шеккен күндерде, жалғыздық жасытқан түндерде төгілген көз жастарды өлшеген ешкім жоқ.
Ей, амалым канша тағдыр жазуы жебе болып тиді....
Жиырма бес.... сал сері, ақын жыраулардың мәңгілік жырларының арқауы болған отты жас. Қайран, жиырма бес... Арманым құздан құлағандай күй кешіп жатар кездерім бар. Не болады, кім болады, қайтіп өмір сүреді?... Өмір сүрудің қажеті бар ма?

Барсың ба, жоқсың ба сен, жаратқаным,
Әлемге рас па шуақ таратқаның,
Аямай төгіп мейірім шапағатты.
Сейілтші жүрегімнің бар ақпанын.

Әлемді кім жаратты, жаратпасаң,
Сырыңды ұға алам ба сараптасам?
Бар болсаң жарылқай көр жақсылықпен,
Жазала жаңсық басып ар аттасам. .
Иа, кейде тағдырыммен тайталасуды доғармай өмірдін асау ағысына ығып кету мүлдем қаперіме кірмей де қалады.Кеудемде жаным барда өзім үшін және де маған әр кез қамқор бола білген өзгелер үшін өмірге өзімше із қалдыруды қалаймын.Түбінде өзімің қоларбадан тұрып, он жыл бойы сатқындық жасап келе жатқан қос аяғыма қайта мінер күн туар деген үмітім де жоқ емес.

1 comment:

  1. Сәлем, бұл сіздің жазғаныңыз ба? Керемет жазбаларыңызды http://kaznews.mn ге жариялауыңызға болады. Рахмет. kazlifecom@yahoo.com хабар күтемін.

    ReplyDelete

Блогт минь сэтгэгдэл үлдээсэнд баярлалаа.Таны бичсэн сэтгэгдэлд уудахгүй хариу үлдээх болно.
Таныг хүндэтгэсэн : Oral